13
Там
29 рет оқылды

Рафаэль Ниязбек:

Мұқағали – көз жазбай есті өреннен,
Замандардан заманға көшкен өлең.

13
Там
28 рет оқылды

Құл-Керім Елемес

* * *
Алаған болма. Береген бол. Алған ұтпайды. Берген ұтады. Бергенге Аллаһ береді.

* * *
Күйгелектік адамның, адамдағы жүректің, жүректегі иманның жауы. Сабырлылық берекенің басы ғана емес, өзі.

* * *
Иманның денедегі орны халбы. Халбы дегеніміз – жүрек. Жүрек харам ой, харам істерден аман болса адам баласының тұтас ғұмыры таза болмақ. жалғасы…

13
Там
45 рет оқылды

Рафаэль Ниязбек,
Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері,
Шешенстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
Мұқағали.

Жігіт ең тау тұлғалы, өр тұлғалы,
Сен барда білінбеуші ед жел тұрғаны.
Ауыздықпен алысқан тұлпар да едің,
«Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы».

Ақ сауыт – көкірегіңе жасын толып,
Жыр селдеттің өзгеден басым келіп.
Қарасаздың дән жиған бидайығы
Елестейді бұл күні шашың болып.

Қайда кеттің?!
Жоғалдың қыр астың да,
Ел-жұртыңа кетем деп сыр аштың ба?!
Жер астына сіңіскен ұлы ағынға
Сен де барып, япырай, ұластың ба?!

Нөсер боп құйылатын бағы көктен,
Сенсіз және келіп тұр тағы көктем.
Амал қанша, ғұмырың келте болды-ау,
Жұлдыз сынды, япырай, ағып өткен.

Қайта оралып келмей ме кісі деген,
Айналысып жүрмей ме ісіменен.
… Жоқтап сені әлі де жер тарпып тұр
Сырттағы ақ боз айғыр кісінеген. жалғасы…

Айдары: Поэзия  1 пікір

Жәлел Кеттебек
Жазушылар одағының құзырына жататын М.Горький атындағы Әдебиет институтының жатақ үйі қаланың теріскей шетінде, Останкино маңында. Өзімізшелеп айтқанда, ол ара өз алдына бір қала. Останкино телемұнарасы, Останкино сүт комбинаты, Останкино сыра зауыттары бар. Ал жасылға бояп қойған қаңылтыр шатыры көзге біртүрлі оғаш көрініп тұратын 7-қабатты жатақхана тура сквердің үстінде, осы комбинатқа тиіп тұр. жалғасы…

Қазақ жырын құрметтеген қауымға Алматы облысындағы Ақсу өңірі қасиетті аймақ. Неге дейсіз ғой? Себебі, бұл өлкеде ұлттық поэзиямыздың құлагері Ілияс Жансүгіровтың кіндік қаны тамды. Ақсудың жазирасы мен қыраты өлеңнің ғажап сазына бөленіп тұр. Сөз өнерін қуған жас талап Ілияс атасының рухына бас иіп, содан кейін ұлы сапарға аттанады. Соны ырым санайды. Бұл өңірде жыл сайын республикалық «Ілияс оқулары» өтеді. Оған қатысушылар қасиетті Ақсудан шабыт алып, қанаттанып, аруақтанып, өзгеше күйге енетіні бар. жалғасы…